Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Оралда өрттен ер адам қаза тапты

Оралда бүгін тұрғын үйдегі өрт салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, С.Есқалиев көшесі 178-мекенжайындағы қос қабатты үйдің 8-пәтерінде өрт болып жатқаны жөнінде сағат 01.55-те хабар түскен.

Екінші қабаттағы өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыған. Өрт сағат 02.43-те сөндірілген. Оқиға орнынан 1972 жылғы ер азаматтың мүрдесі табылған.

Оралда үйлерін топан су басқан жұрт далада қалды

Көктемгі тасқын енді батысқазақстандықтарды әбігерге салуда. Оралда қардың еруі жылдамдап, шеттегі саяжайлардың бірі суға кете бастады, деп хабарлайды КТК телеарнасының тілшісі. Топан судың ортасында қалған үйлер ойпат жерге былтыр ғана тұрғызылыпты. Сол кезде қауіп туралы ескертуді елемегендер енді тілсіз жаумен күні-түні арпалысуға мәжбүр. Ал, тасқын күшейе түсуі мүмкін.

Оралдағы аграрлы-техникалық университет студенттеріне жатақхана салынады

Елімізде 500 мыңға жуық студент грант есебінен білім алады. Мемлекет басшысы өзінің 5 әлеуметтік бастамасында мұндай гранттар санын тағы 20 мыңға көбейтуді және оларды талапқа сай жатақханамен қамтуды тапсырағаны мәлім. Оралдағы аграрлық техникалық университетінде келешекте 500 студентке шақталған жатақхана салу көзделіп отыр.

Қасиетті мекенге қара сора еккен кім?..

Осыдан дәл бір апта бұрын облыстық ІІД және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге таң қараңғылығында жолға шықтық. Сол күні түнімен жауып, төңіректі ақ ұлпаға орап үлгерген алғашқы қар әлі де тынбастан төпелеп тұр еді.

«Алматы-Орал» рейсінің шұғыл қонуына байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Кеше Алматыдан Орал қаласына ұшқан ұшақ шұғыл түрде Ақтөбе қаласына қонды. Оқиғаның себеп-салдарын ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері нақтылауда.

ҚР Иинвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі көлік апаттары мен оқиғаларын тексеру департаментінің өкілдері осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтті.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары