БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (БҰРЫНҒЫ «БАТЫС-ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ» (БҚГА)

Основная информация
Адрес: 
БҚО, 09000 Орал қ., Ғ.Қараш көшесі, 12Д
Телефон: 
Тел.: 8 (7112) 51-24-50, 50-55-20, Факс: 8 (7112) 50-55-20
E-mail: 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

 

Факультет тарихы

Педагогикалық факультет өз тарихын 1998 жылдан бастайды. Мемлекеттік емес жоғары оқу орны «Дәуір» Батыс Қазақстан гуманитарлық-экономикалық институты болып ашылып, 2000 жылы гуманитарлық және педагогикалық бейіндегі оқу орны ретінде Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы болып қайта құрылды. 2001 жылы оқу орнының алғашқы түлектері мамандық иесі атанды. Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы 2007 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып Болондық келісімге қол қойды.

Академия 6 кафедраны, оқу бөлімін, есептегіш орталығын, кітапхана, ЭЕМ паркін (17-сі локалдық желімен байланысқан 44 компьютер) біріктіріп тұрған тұрған 2 факультеттен тұрды.

ҚР БжҒМ Білім саласын бақылау комитетінің бұйрығының негізінде БҚГА, БҚИТУ, ҚАЗИИТУ үш жоғары орнын біріктіру арқылы оқу үдерісін жаһандандыру шеңберінде жаңа жоғары оқу орны – Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті құрылды, ал 2015 жылы академия ірі жоғары оқу орындарының бірі саналатын Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрамына енді.

Қазіргі таңда университет жоғары білікті кадр даярлау әдіснамасы мен технологиясын жетілдіруді қамтамасыз ететін, біртұтас ғылыми білім беретін инновациялық кешенді құрайды.

Факультет құрылымы

Жаңа жоғары оқу орнының шеңберінде академияда құрылымдық өзгерістер орын алды. Ғылыми Кеңес шешімімен университетте институттар мен академиялар өзгертіліп, оның орнына факультеттер құрылды.

Қазіргі уақытта Педагогикалық факультетте бес кафедра: «Жаратылыстану ғылыми пәндер», «Қаржы», «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Филология», «Педагогика және психология»; оқу және ғылыми орталықтар, магистратура бөлімі, кеңселік тіркеу бөлімі, практика және жұмысқа орналастыру бөлімі, кадрлық қызмет және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, жастармен жұмыс бөлімі, сырттай бөлім, баспа орталығы, кітапхана, бухгалтерия, әкімшілік-шаруашылық бөлімі бар.

Факультет қызметі

Басты миссиясы – жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлармен қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру.

Мақсаты – жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру арқылы бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлауда жетекші орын алу.

Міндеттері:

- қазақстандық және әлемдік білім беру дәстүріне, заманауи технологияға сүйене отырып, жоғары білікті маман даярлау;

- республикамыздың жастарының білімі мен мәдениетін арттыру, зияткерлік әлеуетін қалыптастыру;

- тұлғаның шығармашылық, рухани, физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершіліктің, саламаттылықтың тұрақты негізін қалыптастыру;

- халқымыздың дәстүрін қастерлеуге, Конституциямызға, қоғамымызға жат әрекеттерге қарсы тұруға үйрету.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін факультеттің оқу үдерісінде блоктік-модульдік жүйе, рейтинг-әдіс, интерактивті әдіс, электронды оқыту және бақылаушы бағдарламалар, аудио-бейне материалдар қолданылады.

Педагогикалық факультет Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен қатар Ресей Федерациясының Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетімен, Самара экономикалық академиясымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Факультет алыс шетелдік педагогикалық, экономикалық жетекші оқу орындарымен, атап айтсақ Экономика университетімен (Польша, Быдгош қаласы), Эгей университетімен (Түркия) халықаралық ғылыми байланыс жүргізеді:

Бүгінгі таңда Педагогикалық факультет жаңа ақпараттық, инновациялық технологияны енгізе отырып, ғылым мен практиканы ұштастырып, студенттер мен оқытушылардың шығармашылығын қалыптастыра отыра үздіксіз кәсіби білімді жаңғыртуды мақсат етіп отыр. Жаңа үлгідегі жоғары оқу орнын қалыптастыру, заман талабына сай маман даярлау және ХХІ ғасыр жоғары оқу орнына айналу алға қойылған басты міндет болып табылады. Әлемдік нарықтық қатынас жағдайында факультет жаңа заманның білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлауды мақсат етеді.

Бүгінгі таңда университеттің педагогикалық кадр даярлау жүйесінде Педагогикалық факультет көш бастап тұр. Бакалавларды жоғары деңгейде даярлау арқылы түлектерге оқуын магистратурада жалғастыруына мүмкіндік жасалған.

Факультет мамандықтары

Факультет бес кафедрада 13 бакалавр мамандығы және 6 магистратура мамандығы бойынша мамандар даярлайды.

Бакалавр мамандықтары:

5В010100 – Мектепке дейінгі оқу мен тәрбиелеу

5В010200 – Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі

5В010300 – Педагогика және психология

5В010800 – Дене шынықтыру және спорт

5В011400 – Тарих

5В011500 – Құқық негіздері және экономика

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011100 – Информатика

5В020300 – Тарих

5В050300 – Психология

5В050900 – Қаржы

5В090200 – Туризм

Магистратура мамандықтары:

6М010300 – Педагогика және психология

6М010800 – Дене шынықтыру және спорт

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

6М011900 – Шет тілі: екі шет тілі

6М020300 – Тарих

6М050900 – Қаржы

Оқытылудың түрі: күндізгі және сырттай (қазақ және орыс тілдерінде).

Оқу мерзімі:   

Күндізгі бөлім – 4 жыл;

Сырттай оқу бөлімі: кәсіптік орта білім негізінде – 3 жыл;

Жоғары білім негізінде – 2 жыл.

ҰБТ ЖӘНЕ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ КӨРСЕТІЛУІМЕН МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ:

Мамандық

шифры

Мамандықтар атауы

Бейіндік пәндер

(7 балдан төмен емес)

Таңдау бойынша пәндер

(4 балдан төмен емес)

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Математика

Биология

5В010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Математика

Биология

5В010300

Педагогика және психология

Биология

Биология

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

1 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

5В011100

Информатика

Математика

Физика

5В011400

Тарих (педагогикалық)

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В011500

Құқық және экономика негіздері

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

5В020300

Тарих (гуманитарлық)

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В050300

Психология

Биология

Биология

5В050900

Фаржы

Математика

География

5В090200

Туризм

География

География

5В091000

Кітапхана ісі

Әдебиет

Әдебиет

Қажетті құжаттар:

  1. Оқу орны бітіргені туралы аттестат немесе диплом қосымшасымен қоса  (түпнұсқасы).
  2. ҰБТ (ТКТ) сертификаты.
  3. Медициналық анықтама:        күндізгі оқу бөліміне – №063 ф., №086 ф.;

сырттай оқу бөліміне – №086 ф.

  1. 3x4 көлеміндегі 8 фотосурет.
  2. Жеке куәлік көшірмесі.

Студенттердің контингенті

Білім алушылардың контингентін қалыптастыру кезінде қоғамның, мемлекет пен студенттің мүддесін қанағаттандыратын мамандық пен оқу мерзімін таңдау мүмкіндігі ескеріледі. Педагогикалық факультетте білім беру күндізгі, кешкі және сырттай формада жүргізіледі.

Педагогикалық факультет жұмыс жасаған жылдарында 8 мыңнан астам маман даярлап шығарды. Факультеттің түлектері еліміздің ғылым, білім, экономика, бизнес, әкімшілік басқару салаларында сұранысқа ие болып келеді. Қазіргі таңда Педагогикалық факультетте 4 мыңнан астам студент-бакалавр және 100-ден астам магистрант оқып жүр. Бұл көрсеткіш факультетіміздің жоғары мәртебесі мен сұранысқа ие екендігін көрсетеді.

Профессорлық-оқытушылар құрамы

Педагогикалық факультеттің ПОҚ-ы жылдан жылға сан жағынан да, сапа жағынан да өсіп келеді. Бүгінгі таңда факультет ұжымында 100-ден астам жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді. Олардың ішінде 5 ғылым докторы мен профессор, 45 ғылым кандидаты, доцент, 31 магистр бар.

Оқытушылардың қатарында «Қазақ ҚСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (Н.Н.Пересветов) медалінің, «Ерен еңбегі үшін» (М.Ғ.Ахметов, Л.Г.Нарицина. Н.Н.Пересветов) медалінің, «Ыбырай Алтынсарин» (Б.С.Джұмақаева) төсбелгісінің, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздік қызметкері» (Б.Г.Шынтемірова, Р.С.Кинжекова, Р.Л.Абдрахманова, С.Б.Құрманалин, Д.Д.Сүлейменова) төсбелгісінің, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (Б.Г.Шынтемірова, М.Б.Сабыр, Ж.Т.Ерназаров) гранттарының иегерлері де бар. Сонымен қатар спорт шеберлері мен чемпиондар (қазақша күрес, М.О.Даупаев) және ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрметті грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталғандар да жұмыс істейді.

Ғылыми-ізденіс жұмыстары

Педагогикалық факультеттің ғылыми-ізденіс жұмыстарын іргелі ғылыми зерттеулерді негізгі ала отырып, теориялық және практикалық бағытта жүргізіліп келеді.

«Батыс Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің әлеуметтік-гуманитарлық аспектілері» төмендегідей үш бағытта зерттелуде:

1. Батыс Қазақстанның саяси-құқықтық дамуының мәдени, институционалды ерекшеліктері.

2. Нарықтық экономика жағдайында тәрбиелеу мен оқытудың технологияларын қалыптастырудың аймақтық институттары.

3. Аймақтық экономикалық нарықтың инфрақұрылымдарының қалыптасуы мен дамуы.

Ғылыми-практикалық зерттеулер 6 шаруашылық жоба бойынша жүргізіліп келеді.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері көптеген импакт-факторы бар мақалаларымен қатар 13 монографияда (Сабыр М.Б., Шынтемірова Б.Ғ., Боранбаева Б.С., Иргалиев А.С., Сүлейменова Д.Д., Қуаныш Т.Т.) және бірнеше оқу құралы түрінде (Пересветов Н.Н., Даупаев М.О., Қайров А.Б., Кинжекова Р.С., Ахметов М.Г., Сұлтаниязова Н.Ж. және т.б.) жарық көрген.

Тәрбие жұмысы

Қазіргі таңда ойлау әлеуеті жоғары, дүниетанымы мол, мәдениетті, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, адами құндылықтар білімдерінің мақсаттарының орындалуына атсалушы, отансүйгіш жас буынға үлгі боларлық тұлға қалыптастыру – бүгінгі таңның стратегиялық бағыт-бағдары болып табылады.

Факультеттің тәрбие жұмысының құқықтық, әдістемелік базасы ҚР БжҒМ бекіткен заң ережелеріне, Үкімет қаулылары мен факультетте дайындалған ережелерге сүйеніп құрылған.

Педагогикалық факультетте студенттердің өзін-өзі тұлға ретінде дамытуына мүмкіндік беретін үйірмелер жұмыс жасайды:

  • вокалдық үйірме
  • би үйірмесі
  • спорттық үйірме
  • «Жас ақын» клубы
  • Студенттік дебаттық орталық
  • Студенттік «Жайдарман»

Жастар және тілдер ісі бойынша бөлім жұмыс жасайды. Оның құрамына Жастар және тілдер ісі бойынша проректор (ережелер мен жоспарларды дайындау, жүзеге асыру), Дамудың жастар орталығы (студенттік өзін-өзі басқару), Тәрбие бойынша сектор (кураторлар Кеңесі) кіреді.

Материалды-техникалық және әлеуметтік базасы

Педагогикалық факультет тарих, қазақ тілі, педагогика, психология, экономикалық пәндер, информатика кабинеттері, мультимедиялық кабинет, электронды әдебиеттер кабинеті, акт және мәжіліс залдары, студенттік деканат, студенттік актив кабинеті, медициналық кабинет, кафе және т.б. бар көпқабатты екі корпуста орналасқан. Факультет студенттеріне арнап оқу корпусының аумағында орналасқан заманауи жатақхана корпусы қолданысқа берілген.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ  БЕДЕЛДІ, СЕНІМДІ, ҰТЫМДЫ!

Фелиалы
Адрес филиала: 
Құрманғазы көшесі, 177А
Телефон филиала: 
Тел.: 8 (7112) 30-88-10, 30-88-10, 30-85-00

Пікірлер

салеметсызбе? сиздерде информатика сырттай канша турады биылғы жылы және оқу орны жоғары болып есептелеме. Битиргесин мұғалім болып жумыска кабылдайма алде пединст тагы оқу керек болама. 

Сәлематсыз ба, оқу бағасы қанша болады?

Сәлеметсіз бе?, Тарих пәнінен  Магистратураға құжаттарды қашанға дейін қабылдайсыңыз? және  қандай пәннен емтихан тапсырады? грант барма? болмаса, оқу ақысы неше мың тенге? Рахмет.

оқу бағасы қанша?

Саламатсыздар ма? Осы сайт арқылы студенттер курстан курска откенин калай билип отырсам болады? Жауап ушин алдын ала, рақмет!

Сиздерде Технология (Енбек) панине сырттай жогаргы оку орны барма?

Сəлеметсізбе, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына сырттай оқыту бойынша жоғарғы білім алу үшін ақысы қандай екенін білуге болама?

Қайырл күн Менің білгім келгені мен өзім 2015 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін бітірдім. 2016 жылы жоғары оқу орнына тапсырып оте алмай калдым ктадан енді осы жылы сіздерге барып тапсырсам калай болады? тапсыруга мумкиндик барма сиздерге? Сырттайға тапсырамын. 87779288372 87076691876 mura_9.5@mail.ru

Саламытсыздарма. Дене шыныктыру жəне спорт сырттайға құжаттарды кашанга дейін кабылдайды. Жане багасы канша

окудын багаларн кайдан блуге болады?

 

 

6М010800 – Дене шынықтыру және спорт магистратураға құжаттар қашанға дейін қабылданады және оқу ақысы гранд жөнінде толық ақпарат қажет.Алдын ала рахмет!

педагогика жəне психология маманының оқу ақысы қанша? Сыртай жəне іштей оқу ақысы қанша? КТА болама?

мен очный оқватрм сырттайға казр ауысып кете алам ба ол үшн не істеу керек

Сәлематсыздар ма. Менің қызым Орал  қаласындағы  Батыс Қазақстан  инновациялық - технологиялық  университетінде сырттай 3  курсында оқиды. Биыл, бұйыртса диплом алады. Оқуы ақылы. Енді диплом алдында 3 жылғы оқу ақысын төлеген барлық түбіртектерін тапсыруды сұрап жатқан көрінеді. Егер оқу ақысы уақытылы төленбесе, ақылы бөлімдер студентті сессияға жібермейді. Келесі курсқа көшірмейді. Түбіртек болған жағдайда. да, олар уақыт өте укеле, жазулары көрінбей қалған. Банктің өзіне барған екен, екі банктің бірігуіне байланысты, түбіртектерді толықтай  қайта қалпына келтіру  мүмкін болмай жатыр. Сонда, бала 3 жыл бойы бостан босқа оқыған болып түр ма? Әлде жоқ, бұл адамды сергелдеңге салудың бір түрі ме? Осыған жауап беруіңізді сұраймын!

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз