БҚО ТЖД ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 10-12 маусым күндері Орал қаласы мен облыстың кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті осыған орай ескерту жариялап, тиісті күш-құралдар дайындыққа келтірілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары қолға алынуда.

Айта кетейік, өңірде көптен бері байқалған ыстық ауа райы бүгін күрт өзгеріп, күн бұлттанып, қатты жел тұрды.

 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз