Үйлену, үй болу

Қазақ

1. Әйел - үйдің көркі, еркек - түздің көркі.

2. Қатыны жоқ үй - жетім.

3. Үйірі басқаны ноқта қосады,
           Атасы басқаны неке қосады.

4. Семья сәні - сыйластық, достық сәні - қимастық.

5. Жақсы қатын жарының жақсысын асырар,
           Жаманын жасырар.

6. Екі жарты - бір бүтін.

7. Қыз күнінде бәрі жақсы,
           Жаман қатын қайдан шығады?

8. Азапсыз махаббат - арзан махаббат.

9. Қатын алсаң отын ал, бір құшағын артық ал.

10. Жақсы әйел - ырыс, жаман әйел - ұрыс.

11. Әйел сырын әйелден сұра.

12. Қатыны өлген мен байы өлген қосылса -
           Күндіз екеу, түнде төртеу.

13. Екі қатын алыпсың, бір пәлеге қалыпсың.

14. Сиырды жақсы көрсеткен артындағы танасы,
           Әйелді жақсы көрсеткен қасындағы баласы.

15. Ауылдасың жақсы болса, ағайының не керек,
           Алған жарың жақсы болса, айтың, тойың не керек.

16. Алғаның жаман болса - қонағың кетеді,
           Ұлың жаман болса - бақытың кетеді.

17. Әйел жерден шыққан жоқ, о да еркектің баласы.
           Еркек көктен түскен жоқ, әйел оның анасы.

18. Ата-анадан жар жақын.

19. Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ.

20. Ерге жаққан әйел, елге де жағады.

21. Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал.

22. Ердің атын не аты шығарар, не жары шығарар.

23. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

24. Қымызды кім ішпес, қызды кім айттырмас.

25. Келіннің бетін кім бұрын ашса, сол ыстық.

26. Әркім сүйгенінің құлы.

27. Атың жебір болса, құдайдың бергені,
           Қатының жебір болса, құдайдың ұрғаны.

28. Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.

29. Үйің жаман болса, күйің жаман.

30. Сүйгеніңді іздесең, жел оңынан тұрады.

31. Төркіні жақын келіннің төсегі жиналмас.

32. Келін жаман емес, келген жері жаман.

33. Ай мінбей атыңды мақтама,
           Жыл тұрмай қатыныңды мақтама.

34. Орта жолда атың өлмесін
           Орта жаста қатының өлмесін.

35. Таңдаған тазға жолығады.

36. Бірінші байлық - денсаулық,
           Екінші байлық - ақ жаулық,
           Үшінші байлық - он саулық.

37. Жаман қатын байына жалғыз атын сойғызар,
           Жақсы қатын жолдасын жоқтан құрап тойғызар.

38. Әйел жомарттық қылғанда,
           Еркек сарандық қылғаны - өлім.

39. Кәрі қыз ер таңдамайды, өлген адам жер таңдамайды.

40. Екі қатын алғанның құлағы тынбас,
           Есекке мінгеннің аяғы тынбас.

41. Әйелдің ақылы - көркінде,
           Еркектің көркі - ақылында.

42. Білімді әйел басыңа қарайды,
           Білімсіз әйел жасыңа қарайды.

43. Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді.

44. Бойдақ жігіт жұрт күйеуі.

45. Жақсы қатын жүн қарыз алады,
           Жаман қатын су қарыз алады.

46. Салақ қатынның үйінен, сабақты ине табылмас.

47. Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас.

48. Түйе тұзға келеді, күйеу қызға келеді.

49. Жалқау қатынның төсегі, тал түске дейін жиналмас.

50. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі.

51. Отыз ұлың болғанша, осырақ шалың аман болсын.

52. Теңін тапса, тегін бер.

53. Ердің асылы күшінен білінеді,
           Қатынның асылы ісінен білінеді.

54. Баланы жастан, әйелді бастан.

55. Көне етіктіге бармай жүр, көк етікті алмай жүр.

56. Өзің сүйгенді алғанша, өзіңді сүйгенді ал.

57. Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
           Бір әйел толтырады.

58. Ердің жақсысы елімен ойласады,
           Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.

59. Хан жарлыгынан қатын жарлығы күшті.

60. Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен отырар.

Метко сказано: